Аяз және көктайғақ: Қазақстанның бірнеше өңіріне ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2025
- 170
Еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Синоптиктер қатты жел соғып, аяз болатынын болжап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ауа райына байланысты бірнеше өңірге дабылды ескерту жарияланды.
Астанада күндіз қар жауып, жаяу боран соғады. Жолдарда көктайғақ болады. 21 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы 25–27 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ пен тұман болады. Қонаев қаласында кей уақытта көктайғақ пен тұман күтіледі.
Алматыда кей уақытта көктайғақ пен тұман болады.
Жетісу облысында тұман түсіп, көктайғақ болады және қатты жел соғады.
Атырау және Түркістан облыстарында көктайғақ болып, тұман түседі.
Ұлытау және Қарағанды облыстарында қар жауып, жел және жаяу бұрқасын соғады.
Атырау, Шымкент, Түркістан қалаларында және Қостанай облысында тұман түседі.
Петропавлда, Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, қатты жел соғады және температура 30-35°C дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.




