Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қош келдіңі»: Тоқаевты Токио губернаторы қазақ тілінде қарсы алды

«Қош келдіңі»: Тоқаевты Токио губернаторы қазақ тілінде қарсы алды
Сурет: Ақорда
Токио губернаторы Тоқаевты қазақ тілінде сөйлеп қарсы алып, Smart city пен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Токио губернаторы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты "Қош келдіңіз!" деп қазақ тілінде жылы шырай таныта қарсы алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, олар Smart city пен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды", – делінген Ақорданың мәлімдемесінде.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар