Туды көлікке ілгені үшін тоқтату: төрт полиция қызметкері қызметінен босатылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:27
- 17
Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, Тәуелсіздік күні мерекесінде әлеуметтік желі қолданушылары туға көлік безендірген жүргізушілерді жол полиция қызметкерлері тоқтатқаны туралы жазылған болатын.
Ведомствоның мәліметіне сәйкес, жол қозғалысы ережесін бұзудың 82 жағдайы тіркелген. Бұл азаматтар мемлекеттік туды пайдаланып, басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, жол қауіпсіздігіне қауіп төндірген.
ІІМ мәліметінше, аталған тұлғалар Мемлекеттік туды пайдаланғаны үшін емес, жол ережесін бұзғаны үшін заң аясында жауапқа тартылған.
Сонымен қатар, ІІМ көліктерді заңсыз тоқтату дерегі тексерілетінін және кінәлі полицейлердің жазаланатынын айтты. Осы фактілер бойынша тиісті шаралар қабылданды: 8 полиция қызметкері, оның ішінде басшылық құрам өкілдері, тәртіптік жауапкершілікке тартылып (сөгіс, қатаң сөгіс), ал 4 қызметкер өз лауазымдарынан босатылды.




