Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Келіншегім хиджбата»: Шымкент тұрғыны хирург тек еркектер екенін айтып, шағымданды

«Келіншегім хиджбата»: Шымкент тұрғыны хирург тек еркектер екенін айтып, шағымданды
Сурет: видеодан скриншот
Шымкенттік хиджаб киетін әйелін еркек хиругтерге емдеткізгісі келмейтінін айтты.

Шымкенттік азамат хирург дәрігерлердің барлығы еркектер екеніне шағымданды. Айтуынша, оның хиджабтағы әйелінің іші ауырып, басқа дәрігер таба алмаған деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады.

”Күні кеше Шымкентте мынадай жағдай болды. Әйелімнің түнімен іші ауырады, біз оны соқыр ішек деп ойлап қаламыз. Келіншегім хиджбата. Ер кісілерге апару ыңғайсыз. Содан мен жан жақтан клиникаларға хабарласамын. Содан олардың бәрінде жоқ. Ауруханаға барамын, ол жақта бәрі еркек хирургтар. 103-ке де хабарласамыз, ауруханаға апарайық десек те барлығы еркек хирургтар. Миллион халқы бар Шымкентте тұрамыз. Хиджабтағы кісілерге неге мұндай жағдай жасалмаған? Әурет жерін көрсеткісі келмейтін әйел кісілер де бар ғой. Ол кісілерге неге сондай жағдай жасалмаған? Әйел хирургтар оқымай ма? Әлде тек еркектер хирург бола ма”, — деді ер адам.

Заңгер Айгүл Орынбек хирургтің барлығы еркек деген адамға қатысты тексеру жүргізу керектігін айтты.

”Шымкент Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оянамыз! Мына жігітке мүмкін бөлек мемлекет ашып берерміз. Осылай дәрігер іздеп жүргенде әйелі өліп кетсе не болар еді?”, — деп жазды заңгер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар