Өскеменде көпқабатты үйден секіріп кеткен 13 жастағы жасөспірім аман қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:20
- 25
Өскеменде 13 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден секіріп кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға салдарынан бала ауыр жарақат алған. Ол ауруханаға түсіп, операция жасалды. Оқиға Өскемен қаласындағы Славский атындағы жағалау ауданында болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 13 жастағы жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен. Ол тірі қалып, жедел жәрдем көлігімен медициналық мекемеге жеткізілді.
Өскемен қалалық полиция басқармасының мәліметінше, аталған факті бойынша Ертіс полиция бөлімінде кәмелетке толмағанның өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасауы дерегімен сотқа дейінгі тергеу басталған. Жасөспірім 2012 жылы туған.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу аясында барлық қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген ресми хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді.



