Астанада тіс емханасында үш жасар қыз көз жұмды: сот анестезиологқа қатысты сот үкімін шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 07:27
- 49
Астанада тіс емханасында қайтыс болған үш жасар қыздың өліміне қатысты сот ісі аяқталды. Сот анестезиологты 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Алайда кінәлі Конституцияның 30 жылдығына байланысты жарияланған амнистияға сәйкес, жазадан босап шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арансына сілтеме жасап.
«Айыпталушыны ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 жылға медициналық көмек немесе медициналық қызмет көрсетуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын . 2025 жылғы 23 маусымдағы «ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 2-бабының 1-тармағына сәйкес, айыпталушы негізгі жазасын өтеуден босатылсын», - деді судья Қажымұқан Мекемтас.
Сәйкесінше, кінәлі азаматша сот залынан соң бірден абақтыға жіберілмейді. Бірақ алдағы үш жыл бойы медицина саласында жұмыс істеу құқығынан айырылады. Сот оның кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, осындай шешім шығарды. Ал зардап шеккен тарап бұл іс бойынша азаматтық талап арыз бермеді. Бірақ қайтыс болған бүлдіршіннің әкесі айыпталушының орнында анестезиолог қана болғанына қарсы. Тіс дәрігері мен алаңсыз жұмыс істеп тұрған клиника да жауапқа тартылу керек дейді ол.
«Әркім өз ісіне жауап беру керек. Стоматолог пен клиника айыпталушылар орындығында болуы керек. Клиникаға қарсы жеке шешім шығарылды ал тіс дәрігеріне келетін болсақ, ол қорғануға құқығы бар куәгер. Бірақ бұл оны ешқандай жауапкершіліктен босатпау керек», - дейді марқұмның әкесі Талғат Құмаров.
Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысының 46 жастағы қала әкімі өзіне қол жұмсады
- авторТомирис Тоныкөк
- 22 желтоқсан, 2025




