Денсаулық
Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы 2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:44
- 45
2 млрд теңге жымқыру ісімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы, қазіргі орынбасары, аудандық бас дәрігер ұсталды.
Қостанай облысында 2 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысын жымқыру бойынша дерегі әшкереленді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның ақпаратынша, аса ірі көлемдегі қаржы жымқыру ісі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы, басқарманың қазіргі орынбасары, аудандық бас дәрігер, сондай-ақ медициналық құрал-жабдық жеткізуші күдікке ілінген.
«Медициналық ұйымдар тарапынан сұранысқа ие емес жабдықтар нарықтық бағадан бірнеше есе қымбатқа сатып алынғаны анықталды. Осы деректер бойынша Қостанай облысының прокуратурасы қылмыстық істерді тіркеді», – деп мәлімдеді қадағалау органы.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Іс бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.




