Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Электрондық қаржы орталығын тексеру барысында 13,5 миллиард теңгенің тиімсіз жұмсалғаны анықталды

Электрондық қаржы орталығын тексеру барысында 13,5 миллиард теңгенің тиімсіз жұмсалғаны анықталды
Сурет: almaty.tv
“Электрондық қаржы орталығынан” 566 миллион теңге көлемінде заңбұзушылықтар анықталды.

Жоғары аудиторлық палата Қаржы министрлігіне қарасты “Электрондық қаржы орталығынан” 566 миллион теңге көлемінде заңбұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Тексеру барысында мемлекеттік қаржы саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту және қолдау жұмыстары бағаланды.

Ведомство мәлімдегендей, стратегиялық басқаруда 2023–2024 жылдардағы даму жоспарларының орындалуы туралы есеп жоқ.

“Бюджет процесінің интеграторы ретінде ЭҚО жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланады, алайда ұйымның ішкі нормативтік құжаттары жаңартылмаған. Бұл жүргізілетін жұмыстың тиімділігін шектеуі мүмкін. Қызметтер құнын есептеуде ЭҚО әртүрлі тәсілдерді қолданады. Аудиторлардың пікірінше, қате баға белгілеу тәуекелдерін азайту үшін баға сараптамасын жүргізу және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бөлек есепке алуды қамтамасыз ету қажет”, – деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палата.

Аудит барысында “Электрондық мемлекеттік сатып алу” ақпараттық жүйесіне техникалық өзгерістер енгізудің 600-ден астам жағдайы анықталды.

Ал жалпы аудит қорытындысы бойынша 566 миллион теңгеге қаржылық бұзушылық анықталған және 13,5 миллиард теңге қаражат тиімсіз жоспарланып, пайдаланылған.

Жоғары аудиторлық палата анықталған мәселелер бойынша қажетті ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар