Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жүргізуші үстінен жағымсыз иіс шыққан кейуананы автобустан түсіріп жіберген

Алматыда жүргізуші үстінен жағымсыз иіс шыққан кейуананы автобустан түсіріп жіберген
Сурет: видеодан скриншот
Автобус жүргізушісі кейуананы аялдамалардың бірінде түсіріп жіберген.

Алматыда үстінен жағымсыз иіс шыққан кейуананы автобустан түсірген жүргізушінің басы дауға қалды. Оған қатысты қызметтік тексеріс басталған. Жүргізуші болса зәр иісіне тұншыққан жолаушылардың шағымынан соң кейуананы автобустан шығарып жіберуге мәжбүр болғанын айтып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  "КТК" арнасы. арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 118 бағыттағы автобуста болған. Куәгерлердің айтуынша, көлікте бір мезетте зәрдің өткір иісі сезіліпті. Кейін иістің кейуанадан шыққаны анықталады. Осыдан соң бірнеше жолаушы жүргізушіге шағымданып, оны көліктен түсіруді талап еткен. Сөйтіп автобус тізгініндегі ер адам аялдамалардың бірінде кейуанадан қоғамдық көліктен шығуын талап етеді.

Алайда заң бойынша мұндай себеппен жолаушыларды қууға рұқсат жоқ. Дегенмен жауаптылар жолаушылардан шағым түскен жағдайда жүргізуші тиісті шара қолдануға міндетті дейді. Қазір оған қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

"Аталмыш факті бойынша бейнежазбаларды көтеріп, ішкі қызмет тексерісін жүргізген соң белгілі болады. Егер автобус салоны бос болып, адам болмаса немесе жолаушылар тарабынан наразылық білдірілмесе онда жүргізуші ондай факторға мән бермеуі керек", - дейді "Алматыэлектротранс" ЖШС бөлім басшысы Алмаз Төлегенов.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар