Шымбұлақтағы мейрамханадағы дау: Gusto мейрамханасының әкімшісі халықтан кешірім сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:20
- 31
Шымбұлақтағы тау-шаңғы курортында орналасқан Gusto мейрамханасында әкімші қазақ тілінде сөйлеуден бас тартқан. Бұл туралы желі қолданушысы Бақытжанов өз парақшасында бөліскен болатын. Артынша әкімші халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мейрамхана әкімшісі Елена заңгер Мейірман Шекеевпен кездесіп, оның инстаграм парақшасында халықтан кешірім сұрады.
“Мен де Қазақстанның азаматымын. Өз сөздерім үшін кешірім сұрағым келеді. Эмоциялық жағдайда “Мен КСРО-да тудым” деп айтқаным үшін өзімнің халқымның алдында кешірім сұраймын. Ешкімге тіл тигізгім келген жоқ. Сол себепті мені кешірулеріңізді сұраймын”, – деді ол видеода.
Мейірман Шекеевтің сөзінше, тараптар кездесіп, өзара келісім туралы шешімге келген. Сонымен қатар мәзірдегі қателіктерді түзетуге уәде берді.
Айта кетсек, желі қолданушысы бұл туралы парақшасында жазған болатын.
“Бұл жерде ешкімнің қазақ тілінде сөйлемеуі проблема ма не?” Мен осы сөзді Шымбұлақтағы Gusto мейрамханасының әкімшілігінен естідім. Оның есімі – Елена. Мен өте сабырлы түрде “мейрамханада қазақ тілінде сөйлейтін даяшы бар ма?” деген бір ғана сұрақ қойдым. Жауап ретінде – боқтық, қорлау және де кейін артынан мынадай да сөздер айтылды: “Мен КСРО-да туғанмын және қазақ тілінде сөйлеп, қызмет көрсетуге міндетті емеспін. Мәселені шешудің орнына Елена әдейі арандатып, жанжалды ушықтырды. Осы арандатулардан кейін мен болған жағдайды телефонға түсіре бастадым. Тіпті мені қуып шығаруға тырысып, физикалық әрекетке дейін барды. Одан кейін полиция шақырылды. Соның салдарынан мен шамамен 3 сағат уақытымды жоғалттым, ал туристерім суықта мені күтіп қалды. Оқиғаны растайтын видео бар, сондай-ақ бәрін растай алатын басқа куәгер де бар”, – деп жазған ол.




