«Көктайғақ, тұман»: 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 07:34
- 27
Синоптиктер 2025 жылдың соңғы дүйсенбісінде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Кей өңірлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет".ке сілтеме жасап.
29 желтоқсанда түнде және таңертең Қызылорда облысында жолда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
29 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман, көктайғақ күтіледі.
29 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі.
29 желтоқсанда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
29 желтоқсанда күннің соңында Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман. Жезқазғанда күннің соңында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман.
29 желтоқсанда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.
29 желтоқсанда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
29 желтоқсанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.
29 желтоқсанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда тұман, көктайғақ күтіледі.
29 желтоқсанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Қостанайда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
29 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақтөбеде көктайғақ күтіледі.
29 желтоқсанда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
29 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының батысында, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
29 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Петропавлда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
29 желтоқсанда Абай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
29 желтоқсанда Жамбыл облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.
29 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.



