Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті: қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті: қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Атырау полиция департаменті
Бір отбасы ересек екі баласымен бірге із-түссіз жоғалып кетті.

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында ерлі-зайыпты мен олардың 33 және 35 жастағы ересек балалары жұмбақ жағдайда жоғалып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Отбасы бір айдан астам уақыттан бері іздестіріліп жатыр.

Атырау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құттыбай Садықов барлық медициналық мекеме, соның ішінде жекеменшік клиникалар да тексеріліп жатқанын айтты. 

"Із-түссіз жоғалған азаматтардың ұялы телефондары Қазақстан аумағында бірнеше рет қосылып-өшірілген, соңғы рет Шымкент қаласында тіркелген. Оларды іздеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, ішкі істер министрлігінің сарапшылары тартылған", - деді Құттыбай Садықов.

Садықовтың сөзінше, екі немесе одан да көп адамның хабар-ошарсыз кетуі жағдайында қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қаралады.

Полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады, өйткені жалған мәліметтер тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар