Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде бүгіннен бастап зейнетақы, жәрдемақы, қосымша әлеуметтік төлемдер өсті

Елімізде бүгіннен бастап зейнетақы, жәрдемақы, қосымша әлеуметтік төлемдер өсті
Сурет: РИА новости
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы, жәрдемақы өсті.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі бірден 10 пайызға өседі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына теңестіріледі — 35 596 теңге.

Ең жоғары базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 118%-ына жетіп, 60 005 теңге болады.

2019 жылы зейнетке шыққан 70 жастағы азамат 2025 жылы 171 588 теңге зейнетақы алса, 2026 жылы бұл сома 192 816 теңгеге дейін артады:

Базалық зейнетақы — 60 005 теңге

Ынтымақты зейнетақы — 132 811 теңге

Бұл сомаға БЖЗҚ төлемдері кірмейді.

1, 2, 3 бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы — 164 350 теңге

4 және одан да көп бала туған жағдайда — 272 475 теңге.

Көпбалалы отбасылар — 69 330 теңге

10 баласы бар отбасы — 173 000 теңге.

Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жәрдемақы:

І топ – 111 872 теңге

ІІ топ – 89 498 теңге

ІІІ топ – 61 021 теңге.

Қосымша әлеуметтік төлемдер

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін:

Асыраушысынан айырылу

Еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер де 10% өседі.

Бұл төлемдер азаматтың табыс деңгейі мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар