Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өскеменде 41 жастағы ер адам итін бесінші қабаттан лақтырып жіберген

Өскеменде 41 жастағы ер адам итін бесінші қабаттан лақтырып жіберген
Сурет: santreyd.ru
Итін бесінші қабаттан лақтырып жіберген ер адам 50 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Өскеменде бесінші қабаттан итін лақтырып жіберген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді 41 жастағы күдікті 50 тәулікке қамауға алынуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Пәтерде дәрет сындырған итті иесі осылай жазаламақ болған. Тіпті биіктен құлап, қан-жоса болған иттің соңынан пышақ ала жүгіріпті. Мұны көрген көршілері араша түсіп, лабрадор тұқымдас итті ветеринария клиникасына жеткізген. Бірақ үй жануары ауыр жарақаттан аман қалмады. Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Жануарларға қатігездік фактісі бойынша ҚР ҚК 316-бабы 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Оқиғаның мән-жайын толық әрі объективті зерттеуге бағытталған тергеу жүргізілуде», -деді Қарлығаш Жусупова, ШҚО ПД баспасөз хатшысы.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар