Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Францияда Брижит Макронды «ер адам болып туған» деп айыптаған он адам сотталды

Францияда Брижит Макронды «ер адам болып туған» деп айыптаған он адам сотталды
Сурет: РИА новости
Брижит Макронды трансгендер дегендер сотталды.

Францияда елдің бірінші ханымы Брижит Макронды ер адам болып туған деген жалған ақпарат таратқан 10 адамды сот кінәлі деп таныды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Шешімді Париж соты шығарды. Сотталғандардың қатарында жасы 41 мен 65 аралығындағы сегіз ер адам және екі әйел бар. Олардың көпшілігі 8 айға дейін шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Айыпталушылардың бірі сот отырысына келмегені үшін қамауға алынды. Сот күдіктілердің әрекеті әдейі жасалғанын және зиян келтіруді мақсат еткенін анықтады. Олар Брижит Макронның жынысы мен жыныстық бағдарына қатысты кемсітетін, қорлайтын материалдар жариялап, сондай-ақ оның Франция президенті Эмманюэль Макронмен жас айырмашылығын келемеждеген.

Сондай-ақ сот оларды президенттің жұбайына моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Брижит Макрон Жан-Мишель Троньё есімімен туған және жынысын ауыстырғаннан кейін жеке басын өзгерткен деген жалған ақпарат Эмманюэль Макрон 2017 жылы президент болып сайланғаннан кейін тарай бастаған.

Брижит Макронды «трансгендер әйел» деп көрсетуге бағытталған қауесеттер 2017 жылы, оның жұбайы президент болып сайланғаннан кейін тарай бастады. Брижит Макрон болашақ жұбайымен өзі сабақ берген мектепте танысқан. Ерлі-зайыпты 2007 жылы некеге тұрған. Ол кезде Эмманюэль Макрон 29 жаста, ал Брижит Макрон 50-ден асқан еді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар