Басты жаңалықтар
Тоқаев 2026-ны жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2026
- 71
2026 жыл - Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болмақ.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорда жариялады.
«Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы 2026 жылғы 06 қаңтардағы Жарлық: Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында:
- 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - деп жазылған президенттің Жарлығында.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.




