Саясат
Асқар Мұстабеков қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2026
- 258
Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды.
Асқар Мұстабеков қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, бұған дейін президент Серік Борамбаевты қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатқан болатын.
Ал Асқар Мұстабеков осыған дейін Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымын атқарды. Бұл қызметке ол 2024 жылғы 22 қаңтарда тағайындалған болатын.




