Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«2,3 млрд теңге»: Ерболат Досаев пен әйелінің жылдық табысы жарияланды

«2,3 млрд теңге»: Ерболат Досаев пен әйелінің жылдық табысы жарияланды
Сурет: qazaqstan.tv l
Ерболат Досаев пен әйелінің 2024 жылдағы кірістері жарияланды.

Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев пен оның жұбайының 2024 жылғы кірістері туралы мәліметтері жарияланды. Сондай-ақ, басқа да лауазымды тұлғалардың да табыстары шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаевтың 2024 жылғы табысы 14 019 492 теңге болса, әйелі Гүлнәр Досаеваның табысы 2 338 455 678 теңге болған.

Құжатта  қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің, президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеевтің, президенттің кеңесшісі Алексей Цойдың және Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Батыржан Байжұмановтың аты-жөні көрсетілгенімен, табысы туралы мәліметтер жарияланбаған. Бірақ жұбайларының кірісі туралы мәліметтер көрсетілген.

Бұл жердегі ең жоғары жылдық табыс 48 миллион теңгеден аспайды. Ал ең төменгі табыс ­1- миллион теңге. Ол Алексей Цойдың әйелінің жылдық табысы ретінде көрсетілген.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі лауазымды тұлғалардың 2024 жылғы кірістері, соның ішінде ведомство басшысы Серік Жұманғариннің әйелі Сәния Садықованың табысы туралы ақпарат шыққан болатын.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар