Қоғам
"Өз сарайына көмген": Атырауда жоғалған бүтін бір отбасының екі мүшесі өлі табылды
- автор kyn.kz
- 6 қаңтар, 2026
- 1.2k
Құтқарушылар екі зейнеткердің мәйітін даладағы сарайдан тапты.
Атырау облысында 2 айдан бері жоғалып кеткен бүтін бір отбасы мүшелері бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр еді. Бүгін екі зейнеткердің мәйіті өз ауласындағы сарайдан табылды. Қалған адамдар туралы қазірге мәлімет жоқ. Полиция тергеу әрекеттерінің құпиялығына байланысты көптеген ақпаратты жасырын ұстауға мәжбүр.
Екі зейнеткерді өлтіріп көмгендер қылмысты жасыру үшін көмілген мәйіттің үстіне жатын жиһаз қойып кеткен.



