Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үндістандық студенттер қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 қаңтар, 2026
- 962
Алматы-Бішкек тасжолында көлік жол апатына ұшырады. Салдарынан Үндістаннан келген студенттер қаза тапқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы облысы Полиция департаменті тасжолдағы жантүршігерлік жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты.
Көлікте Үндістанның бес азаматы болған — олардың төртеуі Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенттері, ал біреуі турист. Олар Шымкенттен Алматыға қарай жолға шыққан.
Полиция мәліметінше, Алматы – Бішкек тасжолының 86-шақырымында болған ЖКО дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.
"Алдын ала деректер бойынша, Toyota Alphard автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды, тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астанада жүргізушісіз такси қызметі іске қосылмақ
Ұқсас жаңалықтар
Алматының сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны жұмыс істейді
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 қараша, 2026




