Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кей қазақстандықтардың несиесі толығымен кешріліп жатыр: Агенттік ресми ақпарат берді

Кей қазақстандықтардың несиесі толығымен кешріліп жатыр: Агенттік ресми ақпарат берді
Желіде өзін экономикалық сауаты бар, қаржыгер етіп таныстырып, ақысына кеңес беретін блогерлер соңғы уақытта кей қазақстандықтардың несиесі кешіріліп жатқанын хабарлады.

Мұндай ақпаратты естіген жұрт, қандай құжаттар жинап, қайда бару керектігін сұрап әлек. KYN.KZ  тілшісі бұл мәліметтің қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрген еді.

 Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ел ішінде дүрбелең туғызған жағдайға былай түсінік берді:

"Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз. Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген", - дейді агенттік берген ресми жауабында.

Қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар