«Менің балаларымның әжесі болып жүре бер»: Мақпал Жүнісова қызы анасын туған күнімен құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:40
- 160
Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова 11 желтоқсанда туған күнін атап өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Мерей Заманбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында анасын құттықтады.
“Жаным, анашым. Әрқашан жаныңдамын, сен де менің қасымда болып жүре бер. Бәрі айтып жатқандай, ертең мен күйеуге шығып, бала туып, сен соған куә болып, менің балаларымның әжесі болып жүре бер. Қуаныштымын. Бұл мен қалайтын болашақ. Сені өте қатты жақсы көремін, сіздей анам бары үшін Аллаға мың алғыс”, – деді ол.
Желі қолданушылары да өнер иесін құттықтап, жылы пікірлер қалдырды.
Олар “Мерейдің тілегіне біз де қосыламыз. Асыл арманы орындалып, бір басы екеу болып, сізді қуанта берсін, Мақпал әпке”,“Ақылды қыз, аман болып, анашыңды қуанта бер”, “Мерейдің тілегі орындала берсін” деп жазған.
Ұқсас жаңалықтар
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
- авторkyn.kz
- 10 қаңтар, 2026




