Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Екібастұзда күйеуін көрші келіншекпен ұстап алған әйел оны пышақтап тастады

Екібастұзда күйеуін көрші келіншекпен ұстап алған әйел оны пышақтап тастады
Сурет: видеодан скриншот
Павлодар облысында әйелі күйеуін көңілдесімен ұстап алып, оны өлтіріп тастады.

Павлодар өңірінде отбасындағы жанжал өліммен аяқталды. Қанды оқиға Екібастұз қаласында болған. Алдын ала деректерге сүйенсек, әйел адам күйеуін көрші келіншекпен көңіл қосқан сәтінде ұстап алып, кикілжің қанды қылмысқа ұласыпты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арансына сілтеме жасап.

Қызғаныштан туған жанжал кезінде әйелі күйеуіне пышақ сұғып, оны сол жерде мерт қылады. Ал мұны көрген көңілдес әйелдің зәресі ұшып, сыртқа қарай қашқан. Оқиғаның жалғасы көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты. Онда көрші әйелдің төмен қашып бара жатқанда құлағаны байқалады. Ал көзіне қан толған күдікті әйел оны қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап, басын еденге қатты ұрған. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті әйел де, қылмыс құрбандары да сол сәтте мас болған. Қазір күдікті оқиға орнында ұсталып, қамауға алынды.

«Сонымен қатар тағы бір әйел пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - дейді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары, Болат Нұрсейітов.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар