Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аяз келе жатыр

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аяз келе жатыр
Сурет: blizko.by
Еліміздің кейбір өңірінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады.

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон айқындайды. Ол республика бойынша ауа температурасының төмендеуіне әкеледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы 30-40 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін, ал оңтүстік-шығыс облыстарда 8-17 градус аязға дейін төмендейді, таулы аудандарда 20-25 градус аяз күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігінде 15-16 қаңтарда негізінен қар түрінде қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ құбылыстары болжанады. Елдің оңтүстік-шығысында 16-17 қаңтарда қатты қар, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар