«Кезек-кезек зорлады»: семейлік бойжеткен өзін бірнеше жігіт зорлағанын айтып, көпшіліктен көмек сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:12
- 47
Семейлік бойжеткен топтық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қыздың айтуынша, қазіргі кезде қорлық көрсеткендер қамауда отыр. Алайда қоқан-лоқы көрсетіп келеді.
Оқиға 2025 жылы 29 мамырда таңғы сағат 04:00 шамасында болған. Бойжеткен жігіттермен OmeTV платформасы арқылы танысқан. Сөзінше, олар кездесуге шақырғанда ешқандай жаман ойы болмаған.
“Мені күштеп ұстап, кезек-кезек зорлады. Қол-аяғымды қысып ұстап, денем тырысып қалғанға дейін жібермеді. Жылап, айғайлап, босатуды өтіндім, пәк екенімді айттым. Екі сағатқа дейін созылды”, – деп жазды ол.
Бұл жағдайдан кейін Астанаға кетіп қалған. Алайда, мұны жеңгесіне айтыпты. Одан естіген ағасы қарындасын Семейге қайта шақырған. Кейін күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ұсталған. Бірақ сотталушының біреуі бір айдан кейін бостандыққа шыққанын жазып, қызды қорқытқан.
Қазіргі кезде ол өз өмірі үшін қорқатынын жеткізді.
Ал полиция қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады.
“6 қараша күні қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қазір іс бойынша сот талқылауы жүріп жатыр”, – делінген хабарламада.




