Қоғам
Астанада қатты аязға байланысты астаналық оқушылар мен студенттер қашықтан оқитын болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:17
- 45
Еліміздің кейбір мектептерінде оқушылар мен оқу орнының студенттері қашықтан оқиды.
15 қаңтарда елордалық мектеп оқушылары мен колледж студенттері ауа райының суытуына байланысты қашықтан оқиды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлімдеді.
"2026 жылғы 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 15-17 қаңтар аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының төмендейтінін жазған едік.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы күн райын Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон айқындайды. Ол республика бойынша ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.



