Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Атыраулық хакерге» халықаралық іздеу жарияланды

«Атыраулық хакерге» халықаралық іздеу жарияланды
Сурет: Thinkstock
Атырауда жоғалған отбасы туралы ақпарат айтқан "хакер" іздестірілуде.

Атырауда өзін «хакермін» деп таныстырып, резонанс тудырған тың мәлімдемелер жасаған азаматқа халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Полиция мәліметінше, әлеуметтік желіде «Атыраулық хакер» лақап атымен танылған ер адам алаяқтық фактілері бойынша күдікке ілінген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол шетелде жасырынып жүр.

Айта кетсек, аталған азамат Атырау облысындағы бір отбасының жоғалуына қатысты өз «зерттеуін» жүргізгенін айтып, әлеуметтік желілерде бірқатар бейнежазба жариялаған. Онда ол қаза тапқан ерлі-зайыптылардың күйеубаласын басты күдікті ретінде көрсетіп, түрлі елдермен байланысты нұсқалар ұсынған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар