Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

600 мың теңге тұратын тортқа тапсырыс беріп, ақысын төлемеген: блогер сотта жеңіліп қалды

600 мың теңге тұратын тортқа тапсырыс беріп, ақысын төлемеген: блогер сотта жеңіліп қалды
Блогер кондитерге тортқа тапсырыс беріп, артынан ақы төлеуден бас тартқан.

Астанада 600 мың теңге тұратын тортқа тапсырыс беріп, тортты алған соң ақысын төлеуден бас тартқан блогер мен кондитер арасындағы дау жалғасын тапты. 2026 жылғы 6 қаңтарда тараптар қайтадан Астана қаласының азаматтық істер бойынша ауданаралық сотында кездесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот анықтағандай, тараптар арасында іс жүзінде келісімшарт болған. Кондитер салтанатты шараға арналған торт дайындап, тапсырған. Бірақ торттың соңғы құны алдын ала келісілмегендіктен, арада дау туындаған

Даудың шығуына байланысты жауапкер әлеуметтік желілерде ақпарат жариялаған. Кейін үшінші тұлғалар видеоматериалдар жасаған, оны жауапкер өз парақшасында бөліскен. Сот бұл видеоны жауапкердің өзі жасамағанын анықтады.

Тараған жазбаларға абыройға нұқсан келтіретін сипатқа ие болуы мәселесі қаралды. Алайда талапкердің қалауы бойынша, лингвистикалық немесе басқа сот сараптамасын жүргізілмейтін болды. 

 «Сот барлық талапты қанағаттандырмау туралы шешім қабылдады», – деп хабарланды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2025 жылы әлеуметтік желілерде “торт дауы” болған оқиға блогер Аселина Батыр мен кондитер Нұршат Ақбергенова арасындағы азаматтық сот ісіне ұласты. 

 

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар