Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ақша аз, маған жетпеді": Жедел хирургия саласында жұмыс істеген дәрігер не себепті пластикалық хирургия бағытына кеткенін айтты

"Ақша аз, маған жетпеді": Жедел хирургия саласында жұмыс істеген дәрігер не себепті пластикалық хирургия бағытына кеткенін айтты
Сурет: видеодан скриншот
Хирург дәрігер ақша жетіспеушіліктен пластикалық ота жасау саласына кеткен.

Жедел хирургия маманы ақша көп табу үшін пластикалық хирург маманына айналған. Айтуынша, елімізде хирург мамандарының алатын жалақысы мардымсыз, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы хирург дәрігер Қобыланды Мұхтар тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты. Ол өзінің пластикалық ота жасау клиникасын ашқан.

«Медицина ғылымдарының кандидаты, бөлім меңгерушісі болдым. Бірақ айлығым 140 мың теңге. Ал бір бөлмелі пәтерді 150 мыңға жалға алып тұрдым. Әйтпесе мен хирургиялық мамандықты ұнаттым. Бірақ ақша аз, маған жетпеді. Мен дәрігер 10 мың доллардан бастап табыс табуы керек деп ойлайтынмын. Өзімді төмен санадым. Тіпті біреулер тығып қалтаңа ақша салып жатады. Оны алудан ұяласың. Бір қылмыс жасап жатқандай боласың. Әйтпесе мен көптеген сәтті оталар жасадым. Мен көп жұмыстар атқардым. Бірақ маған мемлекет оған сай жалақы төлемеді. Сол себепті коммерциялық хирургия бағытына кеттім. Қазір өз қалағанымды аламын, қайда барып білім алғым келеді, барып келемін», - дейді ол.  

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар