"Қар, көктайғақ": алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:54
- 41
Алдағы үш күнге 17, 18 және 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжауынша, демалыс күндері Сібір аумағында орналасқан орталығы бар кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аязды ауа райын сақтап тұрады.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (негізінен қар түрінде), бұрқасын, желдің дауылды деңгейге дейін күшеюі, сондай-ақ көктайғақ құбылыстары түріндегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
"17–18 қаңтарда Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанады. Жаңа аптаның басында республиканың солтүстігіне, солтүстік-батысына және орталығына кезекті солтүстік-батыс циклон ығысып, қар мен бұрқасын әкеледі, сондай-ақ аталған өңірлерде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша тұман түседі деп болжанады", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда тұрғын үй өртеніп, екі бала сол жерде қайтыс болды
- авторkyn.kz
- 15 қаңтар, 2026




