Шымкентте 21 жастағы студент қыздың өлімі: ІІМ мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:50
- 30
Ішкі істер министрлігі Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан студент қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Polisia.kz хабарлағандай, Шымкент қаласында қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауында.
«Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша күдіктінің барлық әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тергеу-жедел іс-шаралар кешені жалғасуда, оның барысында барлық түскен мәліметтер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талдануда», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі кез келген қатыгездік көріністеріне тосқауыл қойып, кінәлі адам тиісті жазасын алуы үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдайды.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда тұрғын үй өртеніп, екі бала сол жерде қайтыс болды
- авторkyn.kz
- 15 қаңтар, 2026




