Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тамара Асар: Адамдар әрекетін ауа райының құбылысы деп қабылдау керек

Тамара Асар: Адамдар әрекетін ауа райының құбылысы деп қабылдау керек
ашық дереккөз
Әншіні әріптестері өте білімді, көп оқыған, барлық қиындықты жеңудің бірнеше жолын бірден айтатын ақылды деп үнемі айтып отырады.
Сәкен Майғазиев Instagram парақшасы арқылы әріптесі Тамара Асар туралы естелігін бөлісіп, оны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Бүгін әнші Тамара Асардың туған күні. Эстрада жұлдыздары әріптестерін әлеуметтік желі арқылы жарыса құттықтап жатыр. Солардың бірі – Сәкен Майғазиев. «Музарт» тобының солисі Тамара Асарды терең ойлары үшін құрметтейтінін айтып, өзіне бір кездері айтқан сөзін еске алды. «Тамараның бір өзі бірнеше кітап қой, шіркін. «Сәкеш, кез келген адамның әрекетін ауа райының құбылысы деп қабылдап үйрену керек. Айталық, біреу жайма-шуақ жаз, біреу төңірегіне нұр төгіп тұратын көктем, біреу дауыл, біреу жауын... Табиғатты қалай қабылдасаң, адамдарға да солай «көнуің» керек» деген сөзін үнемі басшылыққа алуға тырысып келемін. Томижан, туған күніңмен, алтын қыз! Қамбарың келін түсіріп, ұрпақ жақсылығын көре бер. Құрметтеймін!» - деп жазды Сәкен Майғазиев. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар