Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Желіде Алматыдағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы хабарлама тарады

Желіде Алматыдағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы хабарлама тарады
Сурет: webpromo.kz
Алматыдағы мектептерде террористік акті туралы жалған хабарлама тарады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыдағы бірқатар мектепте террористік актілер дайындалып жатқаны жөнінде жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

“Жақын арада… 2026 жылы 20 қаңтар күні Алматы қаласы мәңгілікке есте қалады. Мектептерде жаппай атыс ұйымдастырғымыз келеді. Мүмкіндігінше көбірек адамды өлтіруге тырысамын. Біз баратын мектептер: №6, №18, №157, №144, №134, №166, №156, №135. Осы мектептерде жаппай террористік акт болады”, – деп жазылған хабарламада.

Бұған байланысты қалалық ПД мәлімдеме жасады.

"Ресми түрде хабарлаймыз: аталған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді және фейк болып табылады. Қазіргі уақытта қаладағы білім беру ұйымдарындағы ахуал толық бақылауда. Полиция және өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде, балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданды.

Жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Фейк хабарламаның авторы мен таралу көзі анықталуда. Оған қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге бой алдырмауға және тек ресми ақпарат көздеріне – мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының хабарламаларына ғана сенуге шақырады.

"Әсіресе балалардың қауіпсіздігіне қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату – ауыр құқық бұзушылық болып саналады және заңмен қатаң жауапкершілікке әкеп соғады. Тексерілмеген хабарламаларды таратпауға, қайта жолдамауға шақырамыз", - делінген ПД хабарламасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар