«1 миллион теңге ақша талап еткен»: Маңғыстау облысында екі ер адам қыздың интим суреттерін таратамыз деп бопсалаған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:46
- 1
Маңғыстау облысында қызды ер адам интим суреттеріңді таратамыз деп бопсалаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәліметінше, 2000 жылғы жәбірленуші арызбен жүгінген. Оның айтуынша, 1997 жылғы ер адам жәбірленушінің интим сипаттағы суреттерін әлеуметтік желілер және туыстарына таратамыз деп қорқытып, бір миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған.
Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті 2026 жылғы 17 қаңтарда WhatsApp арқылы жәбірленушіден алдымен 200 мың теңге аударуды, ал қалған 800 мың теңгені 2026 жылғы 20 қаңтарға дейін беруді талап еткен.
"Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 2026 жылғы 17 қаңтарда Жаңаөзенде екі ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден көк түсті iPhone 14 Pro Max, ал екінші күдіктіден қара түсті iPhone 11 ұялы телефондары заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді", - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі "Бопсалау" бойынша қылмыстық іс қозғалып, мәліметтер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.


