Президент: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, мәртебе тұтатын азаматтарды қолдауымыз керек
- автор kyn.kz
- 20 қаңтар, 2026
- 522
Президенттің айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік туын қалай және қашан қолдану керектігі нақты нормалар мен ережелер арқылы реттеледі. Осыған байланысты мемлекеттік рәміздерге жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды.
"Мемлекеттік рәміздерге жеңіл-желпі қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуға тиіс. Дегенмен, ең алдымен заңның түпкі мәнін терең түсіну керек. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, оларды жөнімен пайдаланатын отаншыл азаматтарды әрқашан қолдау қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы кез келген жағдайда патриотизмді нығайтуға ұмтылу маңызды екенін атап өтті.
Көк туымыздың желбіреп тұрғанын көргенде ерекше қуаныш сезіледі. Бұл арқылы еліміздің азаматтарының бірлігі мықты, ұлт ретінде тұтас екеніміз айқын көрінеді. Осындай әрекеттер олардың туған елін мақтан тұтатынын көрсетеді, – деді Президент.
Ұқсас жаңалықтар
Үсік, жаңбыр мен қар: 2 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
- авторkyn.kz
- 2 қыркүйек, 2026
2027 жылы кейбір жәрдемақы мөлшері өсуі мүмкін
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 қыркүйек, 2026




