Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте жол апаты болып, арты төбелеске ұласты: жараланған жігіттің жағдайы белгілі болды

Шымкентте жол апаты болып, арты төбелеске ұласты: жараланған жігіттің жағдайы белгілі болды
Сурет: видеодан скриншот
Шымкентте болған төбелестен бір адам қаза тауып, зардап шеккеннің бірі ауруханада жатыр.

Шымкентте көшелердің бірінде жол апатынан кейін жанжал болып, салдарынан бір адам қаза тапқан болатын. Зардап шеккен екінші жігітке дәрігерлер шұғыл түрде операция жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Азаттық рухы сайтына науқастың жағдайы туралы ақпарат ұсынды.

«1990 жылы туған науқас Шымкенттің №1 қалалық клиникалық ауруханасына ауыр хәлде түсті. Оның кеудесіне пышақ кірген. Сондықтан, дәрігерлер шұғыл операция жасады», - деп хабарлайды басқарма.

Қазір жігіттің жағдайы ауыр. Ол реанимацияда жатыр.

Шымкенттің полициясы төбелеске қатысты 5 адамды іздеп жатыр. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар