Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мойнына жақындағанда “болмайды” деді»: пойызда бейтаныс қызға тиіскенін айтқан экс-жайдарманшы көпшіліктің ашуын тудырды

«Мойнына жақындағанда “болмайды” деді»: пойызда бейтаныс қызға тиіскенін айтқан экс-жайдарманшы көпшіліктің ашуын тудырды
Сурет: видеодан скриншот
Айбек Байназаров басынан өткен оқиғасын айтып, сынның астында қалды.

Танымал актер Айбек Байназаров басынан өткен оқиғасын айтып, сынға қалды. Сөзінше, ол пойызда қызға тиіспек болған, деп жазады KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жайдарманшы Дархан Оспановтың жеке Youtube-арнасына шығатын “Шәй әңгіме” подкасының шығарылымна айтты.

“Көз тимесін” командасының мүшелері Айбек Байназаровтың айтуынша, оқиға жиырма жыл бұрын болған. Пойызда келе жатып, вагон ресторанында ішімдік ішкен. Сол уақытта актердің көзі бір қызға түсіпті.

“Бір күні пойызда келе жатырмын, сөйтсем купеде бір қыз отыр екен. Бастапқыда ешқандай арам ойым болмады, бірақ әдемі екен деп ойладым. Заттардың бәрін жайғастырып, досыммен мейрамханаға барып ішімдік іштік. Купеге келдім, екінші қабатына көтеріліп жаттым да, жаңағы қызға қарасам, айдың жарығымен “алма” болып жатыр екен. Жарты сағат бойы қарап тұрдым. Неше түрлі ой кетті. Кейіннен оған қарай түсіп, мойнына жақындаған кезде “болмайды” деген дауыс шықты. Бірден төсегіме жатып ұйықтап кеттім. Ол да мені ұнатқан шығар, мүмкін қабылдап қалады деген ойым болды”, – деді ол.

Осы видеоға қатысты пікір білдірген коуч Роза Әшірбай актерді сынап тастады. 

"Өте жиіркенішті әңгіме.Мүлдем танымайтын қызды аңдып, купеде ұйықтап жатқанда мойнынан сүйгісі келу күлкілі ма сонда?

Әлемде әр 3 әйел (қыз, жасөспірім) домогательствоны басынан өткереді десе көп жігіттер сенбейді.Міне пожалуйста факт на лицо. Өзі айтып, өзі соны күшті бір күлкілі әңгіме екен деп жеткізіп отыр. Оны әлдеқандай қылып ютубқа салып... Уфффф… с утра выбесили"деп жазба қалдырды. 

Артынша актер көпшіліктен кешіріп сұрап, зорлық зомбылыққа қарсы екенін айтты.

"Құрметті аналар, әпкелер, қарындастар! Қыз өсіріп отырған әке ретінде, адам ретінде, еліміздің азаматы ретінде мен зорлық зомбылықтың кез келген түріне қарсымын! Түсірілім және монтаж кезінде оқиғаның соншалықты қорқынышты контекстін байқамай қалғаным үшін басымды ие кешірім сұраймын. Видеода күліп отырғанымды еш нәрсемен ақтауға келмейді, себебі бұл жағдай күлкілі емес, керісінше өте қорқынышты. Бұл норма емес! Аталмыш оқиға 20 жыл бұрын болса да, қоғамда бұл әлі де өзекті мәселе!"деп жазба жариялады. 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар