Шымкентте жол бойындағы төбелес: желіде тағы бір видео пайда болды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:01
- 1
Шымкентте жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласып, соның салдарынан қала тұрғыны қаза тапты. Әлеуметтік желіде аталған оқиғаға қатысты болуы мүмкін бейнеролик тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұған дейін желіде төбелеске қатысы болуы мүмкін видео жарияланған. Кадрларда ер адамның жанжалды тоқтатуға шақырған дауысы естіледі, алайда қатысушылар оған мән бермей, қақтығысты жалғастырады. Төбелеске қатысушылардың бірінің қолында пышақ байқалады.
Сондай-ақ желіде тағы бір видео тарады, ол да осы оқиғамен байланысты болуы мүмкін.
«Telegram-арналардың мәліметінше, бұл кадрларда Түркістан облысы Темірлановка ауылындағы орталық аудандық аурухана маңына жол апатынан кейінгі төбелесте зардап шеккендердің бірінің мәйіті қалдырылған сәт бейнеленген», – делінген Instagram-пабликтердің біріндегі жазбада.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен азаматтың қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді.
«1990 жылы туған науқас №1 қалалық клиникалық ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді. Оған кеуде қуысының сол жақ бөлігінің тесіп өтетін пышақ жарақаты диагнозы қойылып, шұғыл түрде операция жасалды», – деп хабарлады басқарма.



