Қоғам
Ақтөбе облысында зергер клиенттерін алдап, бұйымдарын ломбардқа өткізіп отырған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:20
- 17
Зергерлік шеберханалардың бірінің зергері клиенттерін алдап, алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп тастаған.
Ақтөбе облысындағы орталық базар аумағында орналасқан зергерлік шеберханалардың бірінің зергері клиенттерін алдап, алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп отырғаны анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Облыстық ПД мәліметінше, зергерге қатысты азаматтардан полицияға арыз-шағымдар түскен.
Белгілі болғандай, зергер клиенттерден алтын бұйымдарды жөндеуге немесе әшекей жасау үшін қабылдап алған. Кейін ол бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
«Қазіргі таңда оның кемінде 20 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асады.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.




