Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бұл жүректі ауыртады»: Шымкентте кісі қолынган қаза тапқан 21 жастағы студенттің ағасы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

«Бұл жүректі ауыртады»: Шымкентте кісі қолынган қаза тапқан 21 жастағы студенттің ағасы видеоға қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: әлеуметтік желіден
Нұрай Серікбайдың ағасы желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың ағасы күдікті Шерхан Аймаханға өз еркімен барғанын айтқан студент қыздың видеосына қатісті пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, қызды алып қашу кезіндегі тергеушінің видеосы бұрыннан белгілі. Алайда бұл материал не мақсатпен жарияланғанын түсінбейтінін жеткізді.

«Тергеушінің видео түсіргенін және қызды «тойдағыдай қарсы алды» деген сөздердің бұрыннан айтылғанын біз білетінбіз әрі бұл жөнінде бірнеше рет айтқанбыз. Бірақ дәл қазір бұл материалды жариялау не үшін қажет болғанын түсіне алмай отырмын. Бұл видео отбасымызға өте ауыр тиді. Кадрлардан Нұрайдың зорға сөйлеп тұрғаны анық байқалады, бұл жүректі ауыртады. Оның ауыр психологиялық әрі моральдық жағдайда болғаны кез келген адамға түсінікті. Бұл видеоны кім және қандай мақсатпен жариялағанын біз шын мәнінде түсінбей отырмыз», — деді Сұлтан Серікбай.

Еске сала кетейік, қызды өлтірді деген күдікке ілінген Шерхан Аймахан қазан айының басында Нұрайды Алматыдан Шымкентке өз үйіне алып кеткен. Ол жақтан Нұрайды жақындары полиция шақыртып алып кеткен. Видеоны тергеу барысында қызметтік салғырттық дерегі бойынша жұмыстан босатылған бұрынғы полиция қызметкері жариялаған, деп жазды «Жетінші арна».

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар