Екі адамның өмірін жалмаған жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:50
- 41
Белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Гулайым Рахмонова жол апаты салдарынан екі адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс бойынша күдікті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қазақстан ІІМ вице-министрі Санжар Әділов айтты. Қазіргі уақытта тараптар қылмыстық істің материалдарымен танысу кезеңінде тұр.
Қылмыстық іс ҚР-ның ҚК 245-бабы, 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттерге қатысты қолданылады.
Еске салсақ, Жол апаты өткен жылы 27 шілдеде Алматы – Екатеринбург трассасында, Жамбыл облысында болған. Toyota Land Cruiser автокөлігінде спортшының жұбайы, олардың кәмелетке толмаған баласы және екі құрбысы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, автокөлік аударылған.
Апат салдарынан екі қыз қаза тауып, Гулайым Рахмонова мен бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.




