Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"7-20-25" арқылы үй алып беремін деп 25 адамды алдаған ер адам сотталды

"7-20-25" арқылы үй алып беремін деп 25 адамды алдаған ер адам сотталды
Сурет: ашық дереккөздерден
Астанада ер адам 25 адамнан "7-20-25" арқылы үй алып беремін деп ақша алған.

Астанада 2021–2025 жылдар аралығында Instagram желісі арқылы өзін ипотекалық брокер ретінде таныстырып, адамдардан ақша алған 30 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Ол көпшіліктің сеніміне кіріп, "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесетінін айтқан.

"Ол "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсынамын" деп азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражат аудартқан. Алайда ақшаны өз қажетіне жұмсаған", - делінген хабарламада.

25 адам оның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен. Келтірілген жалпы залал 95 миллион теңгеден асқан.

Сот айыпталушының өз кінәсін мойындауын және оның баласы барын ескере отырып 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар