Маңғыстауда ауруханада ер адам дәрігерді пышақтап өлтірді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:24
- 38
Жаңаөзен ауруханасында 29 жастағы терапевт-дәрігер пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жаңаөзен қаласында болған шабуыл туралы ақпарат тараған болатын. Мәліметке сәйкес, 28 қаңтар күні шамамен сағат 14:00-де белгісіз ер адам терапевт-дәрігерге шабуыл жасап, оны пышақтаған.
Алдын ала деректер бойынша, бұл оқиға дәрігердің кәсіби қызметіне және медициналық мекемедегі жұмысына байланысты емес.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті кісі өлтіру фактісін растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Полицияның хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша, ер адамдар арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар негізінде туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған қылмысын мойындаған.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Медициналық сақтандыру саласындағы ауқымды алаяқтық үшін үкім шығарылды
- авторkyn.kz
- 23 қаңтар, 2026




