Түркістан облысында үш полицей 18 жастағы қызды зорлаған: тексеріс жүргізілуде
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:40
- 31
Желіде Түркістан облысында полицияның үш қызметкері қыз зорлады деген ақпарат тарады. ІІМ тексерісті бастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Egovpress Telegram-арнасында құқық қорғау органы қызметкерлері заңсыз әрекеттерге барды деген ақпарат тарады.
"Түркістан облысы ПД-ның үш қызметкері зорлық жасаған. Олар жедел түрде жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүріп жатыр", - делінген жазбада.
Түркістан облысының 18 жасар тұрғыны жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу туралы арыз жазып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Полицияның бұрынғы қызметкерлерінің іске қатысы бар-жоғы толыққанды тексеріліп жатыр және сотқа дейінгі тергеу аясында құқықтық баға беріледі.
Одан бөлек қызметтік тексеріс нәтижелеріне сай, аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан теріс себептермен - қызметінің беделіне нұқсат келтіргені үшін шығарылған", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Оқиғаның мән-жайларын жан-жақты, толыққанды және әділ анықтауға бағытталған тиісті тергеу әрекеттері жасалып жатқаны да айтылды. Тергеу барысы ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.




