Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Германиядағы экс-судьяның өлімі: Мәскеуде енесі мен күйеуіне қатысты тексеріс жүргізілмек

Германиядағы экс-судьяның өлімі: Мәскеуде енесі мен күйеуіне қатысты тексеріс жүргізілмек
Сурет: ашық дереккөздерден
Ресей тергеу комитеті экс-судьяны өлтірді деген күдіктілерге қатысты тексерісті бастады.

Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваны Германияда өлтірді деген күдіктілер Мәскеуде жүруі ықтимал деген ақпарат тексерілмек. Мұндай тапсырманы Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеруге ресейлік телеарна эфирінде шыққан, Сайлыбаеваға арналған сюжет себеп болған.

Онда "оның өліміне енесі мен бұрынғы күйеуінің қатысы бар болуы, олар Германияда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Мәскеуге қашып кетуі мүмкін" деп көрсетіледі. Осыған байланысты марқұмның ата-анасы Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинге жүгінген. Сюжеттегі уәждерге сәйкес, РФ Тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша тергеу органдары процестік тексеріс ұйымдастырғаны айтылған.

2024 жылғы маусымда Германияда қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені белгілі болды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 5 маусымда Қазақстанның Франкфурт-на-Майн қаласындағы бас консулдығына Қазақстан азаматтары екі күн бұрын жоғалған қызы бойынша жүгінген.

Кейін жоғалған әйелдің денесі Бенсхайм қаласының маңынан табылғаны туралы ақпарат шықты. Немістің Bild басылымы мәйіттің пластик қапта болғанын, ал әйелдің өлім алдында зорлық көргенін хабарлады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар