Қоғам
Қазақстан шекарасы маңында ұшақ апатқа ұшырады: үш адам қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:30
- 28
Ұшақ апатқа ұшырап, үш адам мерт болды.
Қазақстан шекарасына таяу Орск қаласының маңында Diamond DA40 үлгісіндегі оқу ұшағы жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырады. Борттағы үш адам да қаза болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Росавиация қайғылы оқиғаны ресми түрде растады. Мәліметке сәйкес, 36 жастағы ұшқыш және 20, 21 жастағы екі курсант апат салдарынан қаза тапқан.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа «сваливание» себеп болуы мүмкін. Сарапшылардың түсіндіруінше, «сваливание» кезінде ұшақ ауада тұрақтылығын жоғалтып, басқару күрделенеді әрі қозғалыс барысында діріл пайда болуы мүмкін. Мамандар аэродинамикалық срыв көбіне пилоттау қателігі мен төмен биіктікте ұшумен ұштасатынын айтады.


