Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрай Серікбайдың өлімі: отбасы істі ІІМ беруді талап етті

Нұрай Серікбайдың өлімі: отбасы істі ІІМ беруді талап етті
Сурет: ашық дереккөздерден
Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың отбасы Шымкент қаласының Полиция департаментіне және прокуратурасына сенімсіздіктерін жеткізді.

Шымкентте қаза тапқан Нұрайдың отбасының мүддесін қорғап жүрген адвокат істің барысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Адвокат Сержан Нұрпейісов жәбірленуші тарап Нұрай Серікбайға қатысты тіркелген қылмыстық істі Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне жүктеуді сұрайтынын және іс бойынша прокурорлық қадағалау жүргізуді Бас прокуратураға тапсыру қажет деп білдіргендерін мәлімдейді.

“Осы деректер жәбірленуші тараптың Шымкент қаласының Полиция департаментіне және Шымкент қаласының прокуратурасына деген сенімсіздігін тудырып отыр және қылмыстық істің ары қарай осы органда тергелуіне қарсылық білдіріп отыр”, – делінген жарияланған мәлімдеменің бір бөлігінде.

Адвокаттың сөзінше, марқұмның отбасы осы талаптар орындалған жағдайда ғана қылмыстық іс бойынша соталды тексеру әділ әрі жан-жақты жүргізіледі деген сенімде.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар