Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: gov.kz
Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжалдан кейін қызметінен босатылған Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, ол жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық жөніндегі штабтың спорттық блогын үйлестіруші ретінде жұмыс істейтін болады. Бұл шешім биылғы жылы күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация жүйесі аясында қабылданды.

Жаңа қызметінде ол халықаралық ірі спорттық жарыстарға дайындық үдерісін үйлестіруге және отандық спорттың дамуына үлес қосуды мақсат етіп отыр.

Еске салсақ, олимпиада чемпионы, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен Азия чемпионы Дәурен Есімханов соққыға жыққаны туралы жазған едік. Желіде жанжалдың видеосы тарады. Кадрдан Серік Сәпивтің қолына құжат ұстап, орынбасарының кабинетіне кіргенін, кейін Есімхановтың Сәпиевті ұрып, кабинеттен шығарып жібергенін көруге болады. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар