Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе облысында оқушы сабақ кезінде босанып қалды: зейнеткерге сот үкімі шықты

Ақтөбе облысында оқушы сабақ кезінде босанып қалды: зейнеткерге сот үкімі шықты
Сурет: rikatv.kz
Ақтөбе облысында 14 жастағы қызды зорлаған зейнеткерге сот үкім шығарды.

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушыға зорлық көрсеткен зейнеткерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Облыстың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот ер адамды 21 жылға бас бостандығынан айырды. Сот материалдарына сәйкес, қылмыс жасады деген күдікпен қыздың әжесінің жұбайы бірден ұсталып, іс толық тергелген.

Айыпталушы кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық сипатындағы әрекеттерді бірнеше рет жасағаны үшін жауапқа тартылған. Сот жаза тағайындау кезінде оның зейнеткерлік жасын ескеріп, 21 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Үкімге сәйкес, сотталған адам жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Еске салсақ, 2025 жылы мектепте сабақ барысында 14 жастағы қыздың жағдайы күрт нашарлап, ол ауруханаға жеткізілген. Сол кезде ғана оның жүкті екені анықталған. Кейін жасөспірім облыстық перинаталдық орталықта босанған. Құқық қорғау органдары күдіктіні сол жылдың қазан айында ұстады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар