Қоғам
«14 жастан бастап некеге тұруға рұқсат»: Украинада некені ерте тіркеудің мүмкіндіктері қарастырылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:00
- 47
Украинада некені ерте тіркеудің жаңа ережелері қарастырылып жатыр.
Украинада кәмелетке толмағандардың некеге тұруына негіз болатын жағдайларды кеңейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “РБК-Украинаға” сілтеме жасап.
Жобаға сәйкес, некені ертерек тіркеуге мүмкіндік беретін бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Бірақ әйел мен ер адам үшін некеге тұру бұрынғыдай 18 жаста болмақ.
Атап айтқанда, жобаға енгізілген 1478-бапта мыналар көрсетілген:
- сот шешімімен 16 жастан бастап некеге тұру құқығы берілуі мүмкін, егер бұл кәмелетке толмаған адамның мүддесіне сай деп танылса;
- әйелдің жүкті болуы немесе баланың дүниеге келуі жағдайында сот 14 жастан бастап некеге тұруға рұқсат бере алады.
Дегенмен, ерте некеге автоматты түрде рұқсат беру қарастырылмаған.
Қолданыстағы Украина Отбасы кодексінің 23-бабына сәйкес:
- неке 18 жастан бастап қиылады;
- сот шешімімен 16 жастан бастап некеге тұруға болады, егер бұл кәмелетке толмаған адамның мүддесіне сай екені дәлелденсе.
Ал 14 жастан бастап некеге тұруға рұқсат беру қолданыстағы заңнамада көзделмеген.
Келесі мақала




